oC

 

ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ҰЛАНДАРЫ

25 қазан – Республика күніне орай Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінде «Тәуелсіз елдің Ұландары» тақырыбында Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі өткізілді.

Салтанатты рәсім барысында 5-сынып оқушылары «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылданып, Отанға деген сүйіспеншілік, елге адал қызмет ету, білімге ұмтылу және қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысу сынды асыл құндылықтарды дәріптеуге бағытталған маңызды қадам жасады.

Негізгі мақсатымыз өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, азаматтық жауапкершілігін арттыру және Тәуелсіз Қазақстанның лайықты азаматы болуға баулу.

Жас Ұландарға ел сенімін ақтап, білімді, тәрбиелі, жауапкершілігі мол азамат болып қалыптасуларына тілектеспіз! Еліміздің жарқын болашағы жолындағы қадамдарыңыз нық болсын!

Тәуелсіз елдің ұландары – Қазақстанның жарқын болашағы!

                           https://www.facebook.com/share/r/1MbgLDjkSn/

 

1