КҮЗ – БАЙЛЫҒЫМ, БЕРЕКЕМ!
Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінде 1-сынып оқушылары арасында “Еңбегі адал жас өрен” жобасы аясында «Күз – байлығым, берекем!» тақырыбында күзгі табиғат сыйларынан шығармашылық бұйымдар көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қиялына қанат бітіру, табиғи материалдарды тиімді пайдалануға үйрету және қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Оқушылар күзгі жапырақтардан, жемістер мен көкөністерден және басқа да табиғи материалдардан түрлі сәндік бұйымдар мен ерекше композициялар жасап, өздерінің өнертапқыштығы мен шығармашылық шеберліктерін көрсетті.
Әрбір туынды күз мезгілінің әсемдігін, молшылық пен берекесін бейнеледі.
Осындай шығармашылық жұмыстар балалардың эстетикалық талғамын қалыптастырып, еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа және табиғатты аялауға тәрбиелейді.
https://www.facebook.com/share/r/1VpTk6zLet/




