25 ҚАЗАН - РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ӘНҰРАНДЫ БІР МЕЗГІЛДЕ ОРЫНДАУ ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ
25 қазан – Республика күніне орай Абылай хан атындағы №140 орта мектепте Мемлекеттік Әнұранды бір мезгілде орындау шарасы өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру және елдік пен бірлікті дәріптеу.
Мемлекеттік Әнұран – еліміздің рухын асқақтатып, халқымыздың бірлігі мен тәуелсіздігін айшықтайтын қасиетті нышан.
Еліміздің еңсесі биік, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
https://www.facebook.com/share/v/1DjtnmCDgc/




