Абылай хан атындағы №140 орта мектебінде оқушылардың денсаулығын сақтау және аурулардың алдын алу бағытындағы профилактикалық жұмыстар аясында қалалық орталық емхана тіс дәрігерлері мамандарымен кездесу өткізілді.
Кездесудің негізгі мақсаты – оқушылардың стоматологиялық денсаулық жөніндегі білімін арттыру, ауыз қуысы гигиенасын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру, тіс ауруларының алдын алу шаралары туралы ақпарат беру және денсаулыққа жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыру.
Кездесу барысында оқушыларға жеке гигиена ережелерін сақтау, ауыз қуысының тазалығына тұрақты көңіл бөлу және денсаулыққа қатысты мәселелер туындаған жағдайда білікті мамандардың көмегіне жүгіну қажеттігі түсіндірілді.
Мұндай профилактикалық кездесулер жас ұрпақтың денсаулығын нығайтуға, медициналық сауаттылығын арттыруға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған маңызды жұмыстардың бірі болып табылады.
https://www.facebook.com/share/1DxFSiQNa4/




