oC

Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінде Облыстық психикалық денсаулық орталығының жауапты маманы Байдусенова Кенже Жүзбайқызы мен дәрігер-психиатр Жанерке Асылбекованың, облыстық жастар орталығы маманы валеолог Алменова Әйгерімнің қатысуымен мектеп оқушыларымен кездесу өткізілді.

Кездесудің негізгі мақсаты – оқушылардың психикалық денсаулық туралы түсінігін кеңейту, психологиялық саулықтың маңыздылығын түсіндіру және салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Кездесу барысында психикалық денсаулықты сақтау, эмоциялық тұрақтылық және қиын жағдайларда мамандардың көмегіне жүгінудің маңыздылығы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

  • Іс-шара оқушылардың психологиялық сауаттылығын арттыруға және денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.

 

                                      https://www.facebook.com/share/1JEU2gMvRF/

 

8