oC

МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ САЙЛАНДЫ!

Мектебімізде оқушылардың көшбасшылық қабілетін дамытуға, белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған Мектеп парламенті президентінің сайлауы болып өтті.

Сайлау барысында үміткерлер өзара бақ сынап, оқушылардың дауыс беру нәтижесінде төмендегідей көрсеткіштерге ие болды:

Сайлау қорытындысы:

Медет Айару — 23,4%

Есқали Дамир — 12,3%

Ғалымбекқызы Еркеназ — 7,6%

Қуандық Қаусар — 17,6%

Мұратбек Нұрай — 39%

Дауыс беру қорытындысы бойынша Мұратбек Нұрай Мектеп парламентінің президенті болып сайланды!

Жаңа президентке мектеп өмірін жандандыру жолында тың идеялар, жарқын бастамалар мен толағай табыстар тілейміз!

 

                                              https://www.facebook.com/share/19WryTGRQB/

 

7