oC

            СПОРТТЫҚ ЭСТАФЕТА – ДОСТЫҚ ПЕН БІРЛІК БӘЙГЕСІ!

“АДАЛ АЗАМАТ” БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫН жүзеге асыру мақсатында мектебімізде 6-сынып оқушылары арасында спорттық эстафета өткізілді.

Жарыстың мақсаты – оқушылардың дене белсенділігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, командалық рух пен ұйымшылдықты нығайту.

Оқушылар жарыс барысында шапшаңдықтарын, ептіліктерін және командалық бірліктерін көрсете білді. Әр кезең тартысты өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады!

І орын – 6 «А» сыныбы

ІІ орын – 6 «Ә» сыныбы

ІІІ орын – 6 «В» сыныбы

IV орын – 6 «Б» сыныбы

Жеңімпаздарға жарқын жеңістер, ал барлық оқушыларға мықты денсаулық, белсенділік пен жаңа жетістіктер тілейміз!

Спорт – денсаулық кепілі! Бірлік бар жерде – жеңіс бар!

#СпорттықЭстафета #СалауаттыӨмірСалты #МектепӨмірі #140Мектеп

 

                                https://www.facebook.com/share/14tVf4qqWva/                   

 

6