oC

Мектеп парламенті дебат фракциясы

 

МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІНІҢ ДЕБАТ ФРАКЦИЯСЫНЫҢ 2026-2027 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ!

Оқушыларға дебат қозғалысы туралы жалпы түсінік беріліп, пікірталастың мақсаты, негізгі ережелері мен маңызы таныстырылды.

Дебатқа қызығушылық танытқан оқушылар арасынан іріктеу жұмыстары жүргізілді.

Оқушылар өз ойларын еркін жеткізу, дәлел келтіру, қарсы пікірді тыңдау және сыни тұрғыда ойлау дағдылары туралы ақпарат алды.

Дебат фракциясының жетекшісі – 9 “А” сынып оқушысы Сабира.

Сабира оқушыларға дебат бағыты бойынша түсінік беріп, алдағы жұмыстармен таныстырды.

  • Дебат фракциясының негізгі мақсаты – оқушылардың шешендік өнерін, сыни ойлау қабілетін, өз пікірін дәлелді түрде жеткізу мәдениетін дамыту және қоғамдық мәселелерге белсенді көзқарас қалыптастыру.

1