ЖАСТАР – ЕЛ БОЛАШАҒЫ!
Мектебіміздің парламент оқушылары Жастар орталығының мамандарымен кездесті.
Кездесу барысында оқушыларға жастарға арналған түрлі мүмкіндіктер, жобалар мен бағдарламалар туралы кеңінен ақпарат берілді.
Сонымен қатар:
Жастар орталығының негізгі қызметі мен бағыттары;
жастардың қоғамдық іс-шараларға қатысу мүмкіндіктері;
бос уақытты тиімді ұйымдастыру жолдары;
«Жас сарбаз» ұйымының мақсаты мен міндеттері таныстырылды.
Оқушылар «Жас сарбаз» ұйымының қатарына қосылып, патриоттық бағыттағы іс-шараларға белсенді қатысуға шақырылды.
Кездесудің мақсаты – жас ұрпақтың қоғамдық белсенділігін арттыру, патриоттық құндылықтарды дәріптеу, жастарға қолжетімді мүмкіндіктер туралы ақпарат беру және олардың өзін-өзі дамытуына бағыт-бағдар көрсету.
Белсенді жастар – жарқын болашақтың негізі!




