oC

140 NEWS

 

Жаңа оқу жылында мектебіміздегі Мектеп парламентінің «140 NEWS» жобасы өз жұмысын қайта жалғастырды!

Жоба – мектеп өміріндегі маңызды жаңалықтарды, оқушылардың жетістіктерін, қызықты іс-шаралар мен жарқын сәттерді көпшілікке таныстыратын ақпараттық алаң.

«140 NEWS» арқылы оқушылар жаңалық дайындап, ақпарат жинау, сұхбат алу, камера алдында сөйлеу және өз ойын еркін жеткізу дағдыларын дамытады.

Алдағы уақытта «140 NEWS» эфирінен мектебіміздегі маңызды жаңалықтар мен қызықты оқиғаларды тамашалай аласыздар!

 

1