oC

 «Таза Қазақстан»  

 

 

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» экологиялық акциясы аясында Абылай хан атындағы №140 орта мектебінде табиғатты қорғауға, қоршаған ортаны көркейтуге бағытталған іс-шара өтті.

Бұл өскелең ұрпақтың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатқа деген жанашырлықты арттыру және аға буын мен жастар арасындағы сабақтастықты нығайту.

Іс-шара барысында:

Ағаш отырғызу акциясы: Мектеп бітіруші 11-сынып оқушылары мен ардақты ардагерлеріміз бірлесе отырып, мектеп ауласына ағаш көшеттерін отырғызды. Оқушылар үлкендердің батасын алып, өнегелі сөздерін тыңдады.

Спорттық сайыстар: Экологиялық акция аясында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында оқушылар арасында тартысты спорттық жарыстар ұйымдастырылды.

«Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген даналықты ту еткен бұл шара мектеп ұжымы мен оқушыларына көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыра түсті.

 

1