«BookBrain» квиз: Оқы да, жең!
Мектеп парламентінің ұйымдастыруымен «Кітап оқитын ұлт» марафоны аясында 6-сынып оқушылары арасында кітапқұмарлар бәйгесі тартысты өтуде!
Бірінші кезеңде оқушыларымыз Бердібек Соқпақбаевтың шығармасы «Менің атым Қожа» повесін мұқият оқып шығып, арнайы квиз-тест арқылы өз білімдерін сарапқа салды. Кітаптағы әрбір оқиға мен кейіпкерлер әлемін терең меңгергенін дәлелдеген үздік сыныптар анықталды.
Келесі кезеңге жолдама алған сыныптар:
6 «А» сыныбы
6 «Б» сыныбы
6 «В» сыныбы
Өнерлі де зерек оқушыларымызды кезекті жеңістерімен құттықтаймыз!
Алда – жаңа белес!
Енді сайыскерлерімізді әлемдік классика, Антуан де Сент-Экзюперидің жүрекке жылу сыйлайтын «Кішкентай ханзада» шығармасы күтіп тұр. Оқушыларымызға келесі кезеңде сәттілік пен шабыт тілейміз!



