Ағылшын тілі – қазақ елін әлемге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл. Сол себепті ағылшын тілін үйренудің маңызы зор. Ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін қолдану оқушының тілді үйренуге деген ынтасын арттырады. Ағылшын тілін үйрету кезінде ойын элементтерін пайдалану оқушының шет тіліне деген қызығушылығын арттырып, жаңа тақырыпты жақсы түсінуге әсер етеді. Ойын арқылы балалар ағылшын тілінде жеңіл қарым - қатынас жасай алады және ойын кезінде оқушылар шаршағандығын сезбей, әсерлене, қызыға отырып ағылшын тілін тез үйренеді.
Абылай хан атындағы #140 қазақ орта мектебінде өтіп жатқан Ағылшын тілі апталығының барысында бірлестік ұстаздары түрлі жаңаша әдіс -тәсілдерді, ойын элементтерін қолданып қызықты сабақтар өтуде. Оқушылардың белсенділіктері өте жоғары.
Сонымен қатар апталық жоспарына сәйкес оқушылардан құрылған қуыршақтар театры да өз жұмыстарын көрсетіп, оқушылардың қошеметтеріне бөленді.
{gallery}/007/8{/gallery}



