ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Абылай хан атындағы №140 орта мектебінде Қамқоршылық кеңестің отырысы болып өтті.
Жиын барысында жаңа оқу жылындағы Қамқоршылық кеңестің негізгі бағыттары мен алдағы атқарылатын жұмыстар талқыланды. Сонымен қатар, кеңес құрамына жаңа мүшелер сайланып, олардың мектеп өміріне белсенді атсалысуы, оқушылардың білім алуы мен тәрбиесіне қолдау көрсету мәселелері қарастырылды.
Қамқоршылық кеңес – мектеп, ата-ана және қоғам арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтып, білім алушыларға қолайлы жағдай қалыптастыруға бағытталған маңызды қоғамдық құрылым.
Жаңа оқу жылында Қамқоршылық кеңесінің төрағасы болып Нұрлан Көбегенұлы сайланды.
Бірлесе атқарған жұмыстарымыз нәтижелі болып, мектебіміздің дамуына өз үлесін қоса берсін!



