«ТІЛ – ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ»
5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күніне орай мектебімізде «Тіл – тәуелсіздік тірегі» атты әсерлі әдеби-сазды кеш өтті!
Шара барысында:
Ана тіліміздің мерейін асыратын жүрекжарды тақпақтар айтылып, көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады;
Тілдің байлығы мен көркемдігін дәріптейтін пайдалы ойын ұйымдастырылды;
Өзгеше әуенмен әрленген әуезді әндер шырқалып, жиналған қауымның рухын көтерді;
Ұлы ойшылдардың заман өтсе де маңызын жоймаған, тіл туралы терең мағыналы қанатты сөздері айтылып, жас ұрпаққа өнеге болды.
- Тіл – әрбір ұлттың ар-ожданы, баға жетпес асыл қазынасы әрі тәуелсіздігіміздің ең берік тірегі! Ана тіліміздің мәртебесі әрдайым биіктей берсін!




