"Тіл тағылымы кітаппен бірге"
- Мектеп кітапханашылары 5-қыркүйек -Қазақстан халқының тілдері күніне орай 6"Ә" сынып оқушыларымен "Тіл тағылымы кітаппен бірге" атты шар өткізді. Мақсаты: Көркем әдебиетпен кітап оқу арқылы оқушылардың тілдік дағдысын жетілдіру, сөздік қорын байыту және ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Шара 3 кезеңнен тұрды: 1-кезең: "Тіл ұлттың сүйенер діңгегі" (Ақпараттық-танымдық бөлім) * Ахмет Байтұрсынұлының туған күні мен Тілдер күнінің маңызы туралы қысқаша кітапханашы шолу жасады; * "Тіл тағылымы" атты тақырыптық кітап көрмесімен таныстырды. 2-кезең: "Сөз мерген" (Сөздік қорды байыту тапсырмалары) * "Мақал-сөздің мәйегі": Берілген мақалдың жалғасын тапты. 3-кезең: "Кітаппен сырласу" (Тәжірибелік-оқырмандар бұрышы) Оқушылар өздері оқыған сүйікті кітаптарынан ана тілінің көркемдігін көрсететін үзінділерді жатқа мәнерлеп оқып берді.




