Мектебімізде қазақ халқының даналығы мен даралығын паш ету, қазақ халқының қоғам қайраткерлері мен зиялыларының адалдық, әділеттілік, адамшгершілік туралы айтқан ой пікірлерімен таныстыру мақсатындағы "Адалдық мектебі" жобасы аясында «Адал болу адамға не үшін қажет?» тақырыбында шара өткізілді.
Іс-шарада қазақтың адалдық жайында өзіндік пайым-түсінігі туралы Ұлы Абай, Шәкәрім Құдайбердіұлының және Төле би, Қазбек би, Әйтеке билердің шешендік өнерін мәнерлеп оқу мен қатар өзіндік ерекшеліктері түсіндірілді.
Адамның ниеті, ойы, іс-әрекеті шындыққа негізделгенде адам өзіне де, өзгеге де адал болады. Адал болу кез келген адамның өз қолында. Ол біздің ішкі жан дүниемізден бастау алады. Адамның көңілі таза, пейілі кең, адал, шыншыл болғанда әділдікке қол жеткізеді. Тегінде ақыл, ғылым, мінез, ар, адалдық сынды құндылықтарға ие адам ғана қоғам көшін бастайды. Адал адам болайық!
{gallery}/007/7{/gallery}



