
Абылай хан атындағы №140 орта мектебінің 2026-2027 оқу жылында 1 қыркүйек Білім күніне арналған «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі»
1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті!
Бүгін мектебімізде сапалы білім мен саналы тәрбиенің бастауы саналатын 1 қыркүйек - Білім күніне орай «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» атты салтанатты іс-шара жоғары деңгейде өтті. Салтанатты жиын елдік пен мемлекеттіліктің тірегі – Ата Заңымыздың маңыздылығын ұлықтауға, өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік, жауапкершілік пен отаншылдық сезімдерін қалыптастыруға бағытталды. Жиын барысында мектеп директоры Ұлықпан Баймбетов педагогикалық ұжымды, оқушылар мен ата-аналар қауымын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Мектеп басшысы өз сөзінде білім беру жүйесінің алдында тұрған негізгі міндеттерге тоқталып, мектеп табалдырығын жаңадан аттаған бірінші сынып оқушылары мен бітіруші түлектерге арнап өзінің ыстық ықыласы мен ізгі тілектерін білдірді.



