Ағымдағы жылдың 19 қараша күні мектеп әкімшілігінен және қамқоршылық кеңес мүшелерінің қатысуымен мектептегі жалпыға міндетті оқу қоры есебінен бөлінетін жеңілдетілген ыстық тамақ сапасына зерттеу-зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Мектептегі тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізудің мақсаты
Асханадағы ас мәзірімен танысу және ондағы тағамдардың салмағы мен калориясын өлшеп көру.
Калькуляциялық және бракераждық журналдың болуын тексеру;
Асханадағы тамақ даярлау орындарын және шикізат сақтау қоймаларын көру және ондағы өнімдердің пайдаланудағы уақыт мерзімін тексеру;
Асханадағы тамақтану орындары мен ыдыс-аяқтардың жеткіліктілігін анықтау;
Асхана тазалығы мен пайдаланылған ыдыстардың жуу орындарын және дезинфекцияның болуын тексеру;
Жұмыс барысында мектеп медбикесі асханадағы дайын және шикі тағамдарды алдын-ала бақылап, олардың санитарлық нормаларға сәйкес екендігін журналға толтырады. Тағамдарды тұтынуға рұқсаттама алынып, оқушыларға берілетін барлық тағам түрлері алдын-ала медбикенің қадағалауымен беріледі.
{gallery}/007/6{/gallery}



