15 наурыз - Қайырымдылық күні!
Бұл күн – мейірімділік пен жанашырлықты насихаттайтын, адамдарды бір-біріне қамқор болуға шақыратын ерекше күн.
Мектебіміздің ұстаздары мен оқушылары игі іске үлес қосып, қайырымдылықтың адамгершілік пен бірліктің белгісі екенін көрсетті.
Жақсылық жасау – үлкен ерлік емес, жүректегі жылулықты бөлісе білу.
Осындай игі бастамалар арқылы біз қоғамда мейірімділік пен қамқорлықтың маңызын арттыра түсеміз.
Бір-бірімізге жақсылық жасап, қолдау көрсету арқылы біз әлемді мейірімге толтыра аламыз.



