ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП
Мектебімізде құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталған шара алдағы мереке күндері қарсаңында оқушылар арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға және тәртіпті сақтаудың маңызын түсіндіруге бағытталды.
Кездесуге Қызылорда қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Жұмағали Батырбек Төребекұлы және Қызылорда қалалық полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы Нуридинов Арсен қатысты.
Шара барысында оқушыларға заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, мереке күндеріндегі қауіпсіздік шаралары туралы кеңінен ақпарат берілді.
Сонымен қатар, мамандар жасөспірімдердің құқықтық жауапкершілігі жөнінде түсіндіріп, өзекті сұрақтарға жауап берді.



