16 НАУРЫЗ - Шаңырақ күні!
Бүгін Наурызнама онкүндігі аясында мектебімізде «Шаңырақ күні» аталып өтті.
Бұл күннің басты мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді насихаттау.
Атаулы күнге орай мектебіміздің оқушылары ата-әжелерімен, ата-аналарымен және бауырларымен бірге өз шаңырақтарында тәрбиелік мәні бар бейнероликтер түсірді.
Видеолар арқылы әр отбасының бірлігі, үлкенге құрметі, кішіге қамқорлығы мен қазақы дәстүрге деген сыйластығы көрініс тапты.
Оқушылар ата-әжелерінің ақыл-кеңесін тыңдап, ата-аналарымен бірге уақыт өткізіп, бауырларымен татулықтың үлгісін көрсетті. Бұл шара жас ұрпақтың отбасына деген сүйіспеншілігін арттырып, ұлттық құндылықтарды қадірлеуге тәрбиелейді.
Отбасы – әр адамның тірегі, берекенің бастауы. Осындай тәрбиелік мәні зор шара арқылы оқушыларымыз өз шаңырақтарының қадірін сезініп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге үлес қосты.



