“ҰЛТТЫҚ ОЙЫН – ХАЛЫҚ МҰРАСЫ”
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай мектеп ұстаздары мен қонақтары арасында спорттық жарыс ұйымдастырылды.
Мақсаты – ұлттық ойындарды насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, достық қарым-қатынасты нығайту.
Жарыс бағдарламасына арқан тарту, қол күрес және гир көтеру сынды ұлттық спорт түрлері енгізілді.
Аталған жарысқа ұстаздар мен қонақтар белсене қатысып, өзара шеберліктерін көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен қатысушылар арнайы сыйлықтармен марапатталды.



