oC

#наурыз

#140мектеп

#bilimkzo

 

         Қош келдің ӘЗ-НАУРЫЗ!

Мектебімізде “Қош келдің, Әз-Наурыз!” тақырыбында мерекелік концерт өткізілді. Шараға ардагерлер, ұстаздар мен оқушылар қатысып, ұлттық мерекенің шынайы сәнін сезінді

Кештің көркін қыздырған – мектебіміздегі әжелер ансамблінің өнері Әжелеріміздің әуелете салған әндері жүрекке жылулық сыйлап,ерекше әсер сыйлады.

Сонымен қатар, салт-дәстүрімізді дәріптеу мақсатында беташар рәсімі сахналанып, оның мән-мағынасы кеңінен түсіндірілді.

Бұл көрініс жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып, тәрбиелік маңызы зор сәттердің біріне айналды.

Ән мен күйге, ұлттық нақышқа толы бұл кеш көрермен көңілінен шығып, Наурыз мерекесінің шынайы рухын сезіндіре білді.

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!