🏃♂️⚽️🏀🥍«Денсаулық – зор байлық»
📍Абылай хан атындағы №140 орта мектебінің жоспарына сәйкес “Денсаулық - зор байлық” тақырыбында дене шынықтыру пәні апталығының ашылуы өтті.
⚽️Мақсаты – оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға баулу, спортқа деген қызығушылығын арттыру және денсаулықтың маңызын түсіндіру.
🖇️🏃🏻♀️Апталықтың ашылуында оқушылар сап түзеп, мерекелік көңіл-күймен қарсы алды. Шара барысында дене шынықтыру пәні мұғалімдері сөз сөйлеп, спорттың адам өміріндегі орны мен пайдасын атап өтті. Сонымен қатар, оқушылар түрлі жаттығулар жасап, сергіту сәттерін орындап, белсенділіктерін көрсетті.
🖇️Алдағы аптада әртүрлі спорттық жарыстар, эстафеталар мен қызықты ойындар ұйымдастырылып, оқушылардың ептілігі мен шапшаңдығы сынға түседі.



