oC

#Біртұтастәрбие

#Тәрбиесаласы

#Қаржылықсауаттылық

Балалардың қаржылық сауатын арттыру

Тәрбие сағатының мақсаты: қаржыны басқара білу өміріміздің ажырамас бөлігі.Балалардың ақшаға деген дұрыс қатынасын ертерек бойына сіңіру,қаржылық сауаттылық түсінігін қалыптастырып,басқара білуді үйрету;

Сабақ барысында оқушыларға қойылған сұрақтар:

1.Қаржы дегеніміз не?

2.Ақша түрлері

3.Күнделікті ата ана беретін қаржыны қалай жұмсаған дұрыс

4.Қандай ақша табудың жолдарын білесің?

Оқушылар топқа бөлініп ақша туралы өз ой талқыларын ортаға салып бірге қызу талқылады.Топтарға әр түрлі банкнотта ақша беріліп оны қайда жаратындары туралы ойлары сұралды.Сабақ соңында қаржыға байланысты ұғымдар,атаулар туралы тест алынды

Қаржылық сауаттылық сабағымыз өз мәресіне жетті.Оқушылар өздеріне қажетті көптеген ақпараттар алып, болашақта пайдаға жарататындары туралы қызыға айтты.Болашақ білімді,сауатты оқушыларымыздың қолында!