oC

#Біртұтастәрбие

#Тәрбиесаласы

#Қаржылықсауаттылық

ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінде «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» жобасы аясында 8 және 9 сыныптар арасында «ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК» тақырыбында шара өткізілді.

Іс-шараның мақсаттары - «Жалған сайт», «Фишинг», «Әлеуметтік инженерия», «Қауіпсіз сайт», «Сенімді құпия сөз», «Екі факторлы аутентификация (2FA)», «Жеке және қаржылық алаяқтық», «Импульсивті сатып алудың қауіптілігі», «Қоғамдық Wi-Fi», «Жалған пікірлер», «Электрондық әмияндар» терминдерінің мәнін қауіпсіз интернет-шопинг үшін түсіну; Алаяқтық сайттар мен ұсыныстардың белгілерін тану; Қауіпсіз құпия сөздер жасау; Интернеттен тауар сатып алу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру

Іс-шарада оқушылар қаржылық сауаттылық тақырыбында бейнеролик тамашалап, сабақ соңында «Онлайн-шопингте» алаяқтардан қалай қорғануға болады тақырыбында сауалнама өткізілді. Сауалнамада оқушылар “Қай белгі сайттың алаяқтық екенін көрсетеді?”, “Егер сізге карта деректерін енгізуді сұраған күдікті хат келсе, не істеу керек?” cұрақтарға жауап берді.