oC

Тәуелсіздік - бұл кеудеңді көтере, мақтана айта алатын қасиетті ұғым. Жәй ғана ұғым емес, аса қадірлі ұғым. Бүгінде біз толайым табыстарымызды са­ралайтын, алдағы бағын­дырар биігімізді межелейтін кезеңге келіп отырмыз. Ел Тәуелсіздігінің 30 жыл­дық мерейлі мерекесі, бүкілхалықтық ұлы мереке, ұлы той және солай болуы заңды да.

 Ел тәуелсіздігінің тұғырлы, мемлекетіміздің қарқынды дамуында тұңғыш президенттің рөлі орасан зор. Қазақтың байтақ жері – бабадан қалған ең асыл қазына. Бұл – қазақ жері. Бізге  мирас болып жеткен ұлан-ғайыр жерді түлету мен дамыту жолында елбасы аянып қалмады.