#Заң мен тәртіп
#Адал азамат
#Закон и порядок
Құқықтық сауаттылық қазір әрбір азаматқа керек. Ол заман талабы. Адам өз құқығын және оның шегін жақсы білуі қажет.
Осы орайда болашаққа қадам аттағалы отырған жасөспірімдердің құқықтық білімдерін арттыру мақсатында мектеп оқушыларымен шара ұйымдастырылды.
Жастарды құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу – олардың қылмысқа ұрынбауына, өздігінен өмірдегі мәселелерді шешуде дұрыс шешім қабылдауына, келеңсіз, жағымсыз жағдайлардан тартынуына, қоғамға пайдалы іспен шұғылдануларына жәрдемдеседі.
Заңды білмеу — құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен құтқармайды. Құқықтық мәдениет оқушыдан жан-жақты құқықтық білімдерді талап етеді. Ең бастысы адамгершілікті адам тұлғасының сапалық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал жасайтын тәрбие құралдарының бірі — орынды тәртіп және мінез-құлық тәрбиесінің жоғары деңгейінде болуы.Осы орайда оқушылар:
- «Сұрақ - жауап»
- «Ой жалғау»
- «Ой талқы» сияқты жұмыстарды орындаса, жоғарғы сынып оқушылары «Жастарды қылмысқа итермелейтін не?» тақырыбында пікірлесті.
«Келешекте өз білімдеріңізді шыңдай, рухани жан дүниеңізді байыта отырып, өз құқықтарыңызды жете меңгеріп, еліміздің жақсы азаматы болуларыңызға сенім артамыз!» деген үндеумен қорытындыланды.



