Мамандық таңдау – тек оқу мен диплом алу ғана емес, бұл – өз өмір жолыңды дұрыс таңдау.
Бүгінгі өткізілген шарамыздың мақсаты да сол-таңдаған мамандықты жүрекпен қалап, өз салаңның білікті де білгір маманы болу. Мектебіміздің 2010-2011 жылғы түлектері, қазіргі таңда өз ісінің шебері, әрі мықты мамандары.
Шахантегі Мұхамедәлі –Алматы қаласындағы Сүлейман Демирел атындағы Университетінің IT мамандығын 2015 жылы тәмәмдап, 2016 жылы Польша қаласына сұхбаттаудан өтіп, шетелге жұмысқа қабылданған. Қазіргі таңда, Германия мемлекетінің Берлин қаласында Wolt компаниясының программист қызметкері болып атқарады.
Сұлтан Назгүл Жомартқызы – Астана қаласындағы Ұлттық Евразия Университетінде (ЕНУ) «Көлік, көлік техникасы және технологиясы» мамандығын тәмәмдаған. Магистрлық білімін Оңтүстік Корея мемлекетінде оқып, елге оралған, қазіргі таңда еліміздің күріш өндіруден көсбасшысы ПТ «Абзал и К» компаниясында жұмыс атқарып келеді. Сонымен қатар, ғылым жолын қуып, докторантураның 2-курс студенті болып, еңбектерін жазуда.
Төлегентегі Ұлан – Қорқыт Ата Университетінде «Көлік, көлік техникасы және технологиясы» мамандығын тәмәмдаған. Архитектортура және дизайн саласында еңбек жасап, қазіргі таңда еліміздің лидер атанған өндіріс орны ПТ «Абзал и К» компаниясында база басшысы болып жұмыс атқарып келеді.
Әбілақ Нұрбол – «Құрылыс» мамандығын тәмәмдаған. Қазіргі таңда, мәдениет саласындағы Қызылода қаласында бой көтерген «Анаға тағзым» орталығының қызметкері.
10-11 сынып бітіруші оқушыларға өз мамандықтарының қыр-сырларын, мамандық таңдауда өз ұстаздары, сынып жетекшісі физика пәнінің мұғалімі Өткелбаева Бақыт апайдың әсері көп болғанын тілге тиек етті. Қазіргі таңда таңдаған мамандықтарын сүйіп жасап, бірі жеке кәсіпкер болса, бірі шет ел асып мамандығы бойынша жұмыс жасап, өзін дамытып, өз еліне келіп тәжірибесімен бөлісіп, дамытқысы келетінімен бөлісті.



