oC

«PISA бойынша құрылымдалған тапсырма түрлері қандай болу керек?» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, математика, физика, химия, биология пәні мұғалімдері өзара тәжірибе алмасты.

Мақсаты: PISA тапсырмаларын орындау арқылы жеке тұлғаның өз бетінше білім алуына оқу сауаттылығы мен оқушы белсенділігінің дамыту, ойлау қабілеттерін арттыру.

Өзектілігі: мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту.

PISA халықаралық зерттеуі оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалау басыңқылығы үш бағыт бойынша жүреді. Олар оқу біліктілігі, математика және жаратылыстану ғылымдарындағы біліктілік.

PISA зерттеуінде ойлау, дәйектеу, мәселе (сұрақ) қоя білу және шеше білу, модельдеу, нәтижелерді ұсынудың түрлі әдістерін пайдалану секілді қабілеттер бағаланады.

Мектебімізде «PISA - халықаралық зерттеуіне» дайындық жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Математика, жаратылыстану, химия, биология, физика, қазақ тілі мен орыс тілі мұғалімдері өз пәндері бойынша дайындық жұмыстарына белсене кірісіп кетті. Мұғалімдер PISA тапсырмаларын орындап, бір-бірімен тәжірибе алмасып, сол тапсырмаларды сабақтың өн бойына қолданып отырады.

#PISAдайындық

#абылайханмектебі