oC

"English around the world" апталығы аясында ағылшын тілі пәні мұғалімі Өтебаев Әбілхайыр 13.02 5-сынып оқушыларымен "Mythical creatures" тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

Сабақтың мақсаты – мифтік жаратылыстардың таңғажайып әлемін зерттеу арқылы оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру, олардың сөздік қорын байыту және шығармашылық ойлауын дамыту.

Сабақ барысында балалар мифтік жаратылыстардың ерекшеліктерін талқылады, жаңа сөздерді меңгерді, топтық тапсырмаларды орындады. Сабақ TED форматындағы презентациялармен жалғасты, оқушылар "Why mythical creatures inspire us?" және "The magic of mythical beings" тақырыптарында өз ойларымен бөлісті.

Сабақ өте қызықты әрі пайдалы өтті. Балалар мифтік жаратылыстар жайлы білімдерін тереңдетіп қана қоймай, ағылшын тілінде еркін сөйлеу дағдыларын да шыңдады.