oC

Кәсіби бағдар

Мамандық таңдау – өте маңызды және жауапты шешім, өйткені бұл сіздің болашақ өміріңіз бен мансабыңыздың негізін қалайды.

Ағымдағы жылдың 09 қаңтар күні мектеп бітіруші 11 сынып оқушыларымен, мектеп бітіріп, қазіргі таңда ЖОО түскен І курс студенттерімен кездесу өтті.

Бұл кездесу- мектеп бітіруші түлектерге қолдау , нұсқау, мотивация беру мақсатында ұйымдастырылды. Алтын белгімен бітірген түлектеріміз және грант иегерлері ҰБТ туралы, ҰБТ-ге дайындалудың тиімді де оңай жолдары, мамандықтар жайлы, студенттік өмір туралы еркін форматта сырласты. 11 сынып оқушылары көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып , сұрақ жауап алмасты.

Кездесу соңында студент түлектеріміз, мектеп бітіруші түлектерге жоғары балл алып, ЖОО грант иегері атануларына сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді.

#МамандықТаңдау #Болашақ #Кәсіби бағдар #МектепТүлектері