oC

Кәсіби бағдар

Мамандық таңдау

Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінде 08.01.2025 жыл күні 9 «Ә» сынып жетекшісі Байдарбесова Салтанат ата-аналар арасында «Мамандық таңдаудағы ата-ананың рөлі» тақырыбында тренинг өткізілді.

Мақсаты: Ата-аналарға оқушының мамандыққа бейімделу мен қабілеттілігін ертерек анықтау керек екенін көрсету. Ата-аналарға жеткіншектердің болашақ мамандықты өз бетімен таңдауға мүмкіндік бере отырып, қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар беруіне көмектесу керектігін түсіндіру.

  1. «Бес қадам» әдісі арқылы ата-ана берілген әріпке сәйкес баласына деген жылы сөздерін, мотивация беретін сөздер арқылы әр қадамды басып өтеді.
  2. Сәлемдесу. Ата-аналар бір-біріне деген жылы лебіздерін білдірді.
  3. Топтық жұмыс. Әр топ өзіне берілген тақырыпта өз ойларын, пікірлерін білдіріп, сұрақтарға жауап берді.
  4. «Мамандықтар» тақырыбында көрме ұйымдастырып, таныстырылды.
  5. "Сиқырлы қобдиша" әдісі арқылы әр ата-анаға жарқын жүзді, жүрегі жақсылыққа толы, баласы үшін барын беретін ата-ана екеніне көз жеткізе отырып, жағымды көңіл-күй қалыптасты.