ПЕДАГОГИКАЛЫҚ_КЕҢЕС
6 қаңтар күні Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінде кезекті педагогикалық кеңес болып өтті. Педагогикалық кеңес барысында мектеп директоры Ұ.М.Баймбетов сөз алып, педагогикалық кеңестің күн тәртібіндегі қаралатын мәселелерін таныстырды.
Күн тəртібінде:
- ІІ тоқсан бойынша білім сапасы мен үлгірім қорытындысы. Ұлттық бірыңғай тестілеу және қорытынды аттестаттауға дайындық жұмыстары.
- Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары. Ғылыми пән негіздерінен өткізілген олимпиада және жобалар нәтижесі.
- Қолайсыз отбасы балаларымен, тәртібі қиын оқушылармен жүргізілетін жұмыстар нәтижесі.
- Асхана жұмысы, оқушылардың тегін тамақпен қамтылуы туралы.
- Ағымдағы мәселелер.
ОЖСБ, PIRLS, TIMSS, PISA және т.б халықаралық зерттеулер өтетін пәндердің білім сапасы.
Педагогикалық кеңес барысында директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Манат Токтамуратова ІІ тоқсандағы білім және үлгірім көрсеткішімен таныстырды. Сондай-ақ, 11 сынып оқушыларының ҰБТ қорытындысын арнайы сараптап өтті.
Тәрбиесінде қиындық келтіретін оқушылармен жұмыс туралы директордың тəрбие ісі жөніндегі орынбасары Айтолқын Оспанова таныстырды.
Педкеңес соңында мектеп басшысы қаулымен таныстырып, ІІІ тоқсанның жақсы басталуына сəттілік тіледі.



