Оқу - ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми - педагогикалық кітапханасы "Балалар кітапханасы" бағдарламасы және "Оқуға құштар мектеп" жобасын іске асыру мақсатында 2024 -2025 оқу жылының 30 желтоқсан - 8 қаңтар аралығындағы қысқы демалыс уақытын тиімді пайдалану үшін "Қыста кітап оқимыз, жадымызға тоқимыз" акциясы өз жалғасын табуда.
Бүгін Қаңтар айының 6-жұлдызы күні оқушыларымыз үшін өте қызықты күн болды. Себебі оқушылар мектеп кітапханасына келіп, әр түрлі ертегі кітаптарын оқып, түсініктерін айтып, өз ойларымен бөлісті.



