oC

Мақсаты: ата-анасының мамандығы туралы толық ақпарат алу, мамандыққа деген қызығушылығын арттыру.

Міндеті:

Ата-анамен қарым-қатынасты нығайту;

Ата-ананың жұмыс орнымен танысу;

Кәсіби бағдар беру;

Мамандық бір қарағанда жәй нәрсе болып көрінуі мүмкін, бірақ ол бүкіл саналы ғұмырымыздың айнасы. Жүрек қалауыңмен таңдалған мамандық бойынша жұмыс істеу – өмір сүрудің материалдық қана емес, моральдық та көзі. Ол белгілі бір дайындық пен жауапкершілікті талап етсе де, өзің қалаған мамандық болған соң, оған аса үлкен шығармашылықпен бар ғұмырыңды арнайсың.

Бүгінгі таңда 7 сынып оқушысы- Жолдасбек Жібек анасының жұмыс орнына барып, жұмыс орнымен егжей-тегжейлі танысып келді. Жібек болашақта анасы сияқты дәрігер мамандығын таңдағалы отыр.

Мамандықты дұрыс таңдау – бұл ұзақ кәсіби өмірде сенімділік, жан тыныштығы және материалдық әл-ауқат. Тек өзіне ғана емес, бүкіл қоғамға қажетті мамандықты таңдап алу керек.