Жігер берген - ЖАС САРБАЗ
Өскелең ұрпақтың бойында жоғары патриоттық сезімдер мен адамгершілік қасиеттерді, азаматтық белсенділікті, патриотизмді, рухани-адамгершілік дамуды және Отан алдындағы жауапкершілік сезімін тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық клубы қысқа демалыста әскери-патриоттық іс-шара ұйымдастырды.
Клуб жетекшісі Н.Жусіповтың ұйымдастыруымен өткізілген шарада оқушылар ептілік пен қайсарлық,қажырлықты талап ететін жаттығулар орындады.
Болашақтың кілті, елдің ертеңі - білімді жастардың қолында. Жастар – тәуелсіздігіміздің биік тұғыры деуге толық негіз бар. Мемлекет пен ұлт болашағы жастарға тікелей байланысты. Осы тұста бүгінгі өткізілген шара жастардың патриоттық және ұлттық идеологиялық тұрғыдан Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне деген кұрметін, әскери борышын өтеуге, жан-жақты әскерге дайындауда оң пікір қалыптастыруға бағытталды.
Әрбір жас өзінің туған Отанын жанындай сүйіп, танып, өсуі қажет.




