Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі.
Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас мереке деп саналады. Осы мереке қарсаңында мектеп басшысы Ұ.М.Баймбетов, ЖасStar ұйымы, мектеп ұжымының қолдауымен “ЖЫЛЫ ЖҮРЕК” тақырыбында ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларға игі істер ұйымдастырды.
Мақсаты: жас өрендерге қуаныш, ертеңгі күнге үміт сыйлау.
- Мектебіміздің үйден оқытылатын және инклюзивті білім алатын оқушыларға жаңа жылдық сый-сияпаттар жасалды.
- Игі іс 42 оқушының жүрегіне жол тауып, қуаныш сыйлады.
- Балаларымыз бақытты, өмірлері ұзақ болсын!



