Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебі ұжымы белгілі журналист Бейсен Құранбектің идеясымен түсірілген “ҰСТАЗ”
фильмін тамашалады.
Фильмнің сценарийін жазған Гулмира Зербай,қоюшы режиссері жас талант Ерлан Ұшақпаев.
Фильм жас ұрпақ бойына білім мен адамгершілік дәнін еккен диханшы-ұстаздың ұшан-теңіз еңбегін дәріптейді. Бұл фильм көрерменге “Бала жүрегі-кішкентай күйсандық”екенін, сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылатынын дәлелдегендей болды. Сонымен қатар, мұғалімнің қолында сол сандықтың кілті әрқашан болу керектігін ұғындырды.
Фильмдегі Ұстаз таудан арқырай аққан өзен секілді ҰБТ-ге дайындық барысында кездескен таудай қиындықтарды тастай домалатып, шәкірттерінің жігерін жандырып, армандарына қанат бітіртіп, нағыз ұстаздың биік болмысын көрсетті.
“Балаға үйретерде ақылыңды мейірімге орап бер” деген сөздің растығын осы фильм дәлелдегендей болды.
Ұстаз бойына шексіз мейірім мен ерік-жігер беретін фильмді мектеп ұжымы үлкен тебіреніспен тамашалады.




