oC

Қызылорда облысы көлемінде кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылық жағдайы қоғамның ерекше назарында болатыны белгілі.

Қызылорда облысы бойынша кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылық пен қылмыстылықты алдын алу мақсатында 2024 жылдың 18-20 желтоқсан аралығында облыс көлемінде «Түнгі қаладағы балалар» атты жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараның негізгі көздейтін мақсаты жасөспірімдер арасындағы қылмысты ескерту және оның алдын алу, оның ішінде тәуліктің кешкі және түнгі уақытында кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу болып табылды.

Жоғарыдағылардың негізінде, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылыққа бейім жасөспірімдерге бала тәрбиесіне қатысты мектеп әкімшігі, сынып жетекшілермен бірлесіп профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, түнгі мезгілде орын алатын қылмыстарды алдын алу үшін рейдтер ұйымдастырды