oC

“Су - тіршілік көзі”

#біртұтас_тәрбие

               Абылай хан атындағы 140 қазақ орта мектебінде «ҚР Су ресурстарды және ирригация министрлігімен бекітілген және ҚР Үкіметімен келісілген 2024-2026 жылдарға арналған Су үнемдеу жөніндегі Жол картасының 5.2 тармағын орындау мақсатында, сондай-ақ «Біртұтас тәрбие» бағдарлама аясында тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру және сапалы өткізу мақсатында: 13-желтоқсан күні “Су -тіршілік көзі” тақырыбында 4 “Д”сыныбында тәрбие сағаты өткізілді.

Мақсаты:

  • Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру.
  • Судың адам өміріндегі маңызды тіршілік көзі екендігін және үнемдеп пайдалануды үйрету.

          Оқушылар тақырыпқа сай мағлұмат алды, судың тіршілік көзі және үнемдеп пайдалану керек екенін түсінді.

       Сұрақтар қойылды, тың мағлұматтар алынды.

Күнделікті өмірде суды үнемдеу үшін төмендегідей ережелерді сақтауымыз керек:```

  • ```қажетсіз суды босқа ағызбау;
  • ыдысты жабық раквинада жуу;
  • -кір жуған кезде кір жуғыш машинаны толық толтыру;
  • ыдысты қолмен жуған кезде ыдыс жууға арналған құралды аз қолданғанымыз жөн.

Тұрмыста қолданылатын қарапайым үнемдеу әдістері арқылы судың қорғалуына көмектесуге болады. Суды қорғау өмірді қорғау деген сөз. Суды үнемдеуді өзімізден бастайық! Мақсаты

Суды үнемдеу.

Электр энергияларын үнемдеу.

Табиғи ресуртарды үнемді қолдану