oC

"Қазақстаным - жүрегім " тақырыбында тәрбие сағаты

 

#біртұтас_тәрбие

"Қазақстаным - жүрегім " тақырыбында тәрбие сағаты

#bilimkzo

#140 қазақ орта мектебі

#Біртұтас тәрбие

Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінің 2"А" сыныбында Қазақстан Республикасының 16- желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай " Қазақстаным- жүрегім " тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Мақсаты: білім алушыларға тәуелсіздік туралы кеңірек мағлұмат бере отырып, оның маңыздылығын түсіндіру, Тәуелсіздік символымен таныстыру, тәуелсіздік алғалы қол жеткізген жетістіктерді насихаттау арқылы патриоттық сезім қалыптастыру.

"Бірлік пен ынтымақ" құндылықтарын " Береке көзі бірлікте" апта дәйексөздерімен ұштастыра оқушылардың бойына сіңіру.

Сынып сағатын белсенді оқушылар мен сынып жетекшісі Кенжеғараева Назиға жүргізді.

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Оспанова оң пікір білдірді. Сынып оқушылары Flippity платформасымен топтарға біріктірілді.Тәуелсіздік тарихы туралы слайдтар, видеолар көрсетіліп, топ мүшелері не Wordwool платформасы арқылы тарихи сұрақтар қойылды. Білім деңгейлері Lumio платформасында жекелеген сұрақтарға жауап берумен сыналды.

Classcreem арқылы сабаққа кері байланыс орнатылды. Өз әсерлерімен бөлісті, әр топ қима тапсырмаларды құрастырды, Тудың суретін салды, тәуелсіздік туралы тақтақтарды жалғастырып айтты, өзара талдады