Театр әлемі жарқын, жан-жақты әрі қызықты. Ол сиқырлы кітап секілді балаға қоршаған ортаны ашады. Мейірімділікке, сүйіспеншілікке, ғажайыпты түсінуге баулиды. Балалардың ішкі жан дүниесінің ең жақсы жақтарын көрсете біледі.
Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлының мектеп театры жұмысын жүргізу тапсырмасы аясында мектебімізде өнерлі, икемді оқушылардан құралған «Ғажайып театр» жұмысын бастаған болатын. Бүгін жоба жұмысы аясында мектеп оқушылары ашық сұқбат алаңында актер, режиссер, қалың жұртшылыққа кино әлемі арқылы кеңінен танылған Данияр Базарқұлов, Н.Бекежанов атындағы драма театры әртістері Санат Жүзбай және Жауһар Еркіновамен кездесті.
Кеш қонақтары өнер, оның ішінде театр сахнасы, оның қызықшылығы мен жауапкершілігі жайлы сөз қозғап, оқушылардың сұрақтарына жауап бере отырып, кеңінен әңгімелесті. Мектеп оқушыларына қойылымнан үзінді орындап, жақсы көңіл күй сыйлады.
{gallery}neww-28{/gallery}



