oC

ТӘРТІП. ҚҰҚЫҚ. ЗАҢ

 

#біртұтас_тәрбие

Қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Осы мақсатта мектеп парламентінің ұйымдастыруымен «ТӘРТІП. ҚҰҚЫҚ.ЗАҢ» тақырыбында ашық алаң үйымдастырды.

Мектеп оқушыларын зорлық-зомбылықтан, агрессия және қатыгездік қорғау, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың, буллингтің алдын алу мақсатында ҚПБ ЖПҚю ЮПБ полиция аға капитаны Ж.Б. Қарабалақова түсіндірме жұмысын жүргізді.

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Оспанова оқушыларға құқықтық тәрбие, заң нормаларын білу, қоғамдық тәртіпті сақтау, әлеуметтік желілерде тараған жасөспірімдердің дүниетанымына әсер ететін түрлі сайттар туралы айта отырып, заң күшіне сену және құқықтық мәдениеті дамыған тұлға, құқықтық мемлекеттің үлгілі азаматы болуға шақырды.

Мектептің ішкі тәртіп ережесі ,оқушы құқығы мен міндеттері және мектепке тыйым салынған заттарды әкелу жауапкершілігі жайлы мектеп президенті А.Мұқанқызы оқушыларға үндеу айтты.