Тапқыр болсаң, талас жоқ!
«Ұшқыр ой» жобасы аясында “Тапқыр болсаң, талас жоқ!”тақырыбында 5 сыныптар арасында зияткерлік сайыс өткізілді.
Зияткерлік сайыстың мақсаты: Білім мен дағдыларды нығайтуға көмектесіп қана қоймай, қатысушыларымызға достық және бәсекелестік ортада қабілеттерін дамытатын жағымды атмосфераны қалыптастырады.
Зияткерлік ойындар аясында жүргізуші қатысушылары шараның ережелерімен және құрылымымен таныстырды. Ақыл-ой ойындары 5 кезеңнен тұрды, олардың әрқайсысы бірегей және қызықты сұрақтар ұсынды.
1-кезең Таныстыру
2-кезең Ой жүйрік
3-кезең "Мақал-сөз мәйегі"
4-кезең Ұяшықты табу
5-кезең Бәйге
Оқушылардың білім деңгейі сараланып ұпай санымен есептеліп
1 орын 5 Ә сынып
2 орын 5 Г сынып
3 орын 5 Б сынып оқушылары
марапатталды.Білімімен оза шауып жүретін оқушыларымыздың саны арта берсін







