Нашақорлыққа қарсы бір айлық акция
«Нашақорлыққа қарсы бір айлық акция» аясында мектебімізде "Есірткінің адамзатқа кесірі"тақырыбында 5-7 сынып оқушылары арасында сурет салудан сайыс ұйымдастырылды.
Мақсаты: Кәмелет жасына толмағандар арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған танымдық-тәрбиелік іс-шаралар аркылы олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Сайысқа қатысқан оқушылар сурет салудан өз шығармашылығын ортаға салды. Сайыс қорытындысы бойынша ІІІ орын 5 "Г" сынып оқушысы Уринбасова Сымбат, ІІ орын 5 "Д" сынып оқушысы Әлайдар Арафат, І орын 5 "А"Нұрылдаев Нұрасыл иемденіп, қалалық сайысқа 5 "А"Нұрылдаев Нұрасыл жолдама алды.






