Қазақша QUIZ
«Ұшқыр ой» алаңы жобасы аясында 3 сыныптар арасында “Қазақша QUIZ” интеллектуалды сайысы өткізілді.
Сайыстың мақсаты: Ойы жүйрік, танымдық деңгейік жоғары, интеллектуалды озық ойлы оқушыларды анықтау. Пәндік тақырыптарды пысықтау және оқушылардың білімдерін одан әрі тереңдету арқылы жан-жақты дамуына ықпал ету.
Сайыс 4 турдан құралды
- Білгірлер
- Бәйге
- Ойлан, тап!
- Тұлғаны таны
Оқушыларға пәнге байланысты және логикалық сұрақтар, әртүрлі тапсырмалар берілді.
Әділқазылар оқушылардың берген жауаптарын ескере отырып ұпай нәтижелерін шығарды. Сайысқа қатысқан оқушылар мадақтамалармен және алғыс хаттармен марапатталды.





