oC

Адал адам, адал еңбек, адал табыс

#БІРТҰТАСТӘРБИЕ

"Адал адам, адал еңбек, адал табыс"

Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері және мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен Жазушы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Шиелі ауданының құрметті азаматы, кәсіпкерлерге арналған республикалық "Кәсіпкер және мәдениет" журналының облыстық "Кәсіпкер келбеті" газетінің құрылтайшысы, бас редакторы Жүзбай Ибрагимұлы Таңрықбаевпен кездесу кеші өтті.

Кездесу жасынан әдебиетке, жазуға жаны құмар Жүзбай Ибрагимұлының шығармасынан дайындаған оқкшылардың сахналық көрінісімен басталды. Жазушының өмір жолынан сыр шертілді. Кездесу жазушымен сұхбаттасумен жалғасын тапты.

Жүзбай Ибрагимұлы жас күнінен қоғамдық жұмысқа белсенді араласып, қаламды серік етіп, еліне қалқысыз қызмет етіп келеді. Осындай ел азаматымен болған кездесу жоғары деңгейде өтті.