oC

МЕН ЕСІРТКІСІЗ ӨМІРДІ ҚАЛАЙМЫН

 

«Нашақорлыққа қарсы бір айлық акция» аясында «МЕН ЕСІРТКІСІЗ ӨМІРДІ ТАҢДАЙМЫН» атты шығармалар сайысы болып өтті.

8-11 сынып оқушылары арасында болған байқаудың мақсаты жас ұрпақты зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Әлемде және елімізде түрлі тақырыппен есірткі заттарына қарсы ұйымдастырылып жатқан шараларға өз үлесімізді қосуға үйрету.

Біздің алдымыз да еліміздің барлық өңірлеріндегі мектеп оқушыларына үндеу жариялап, нашақорлыққа тәуелді болған ересектер мен жастарды ажал аузынан арашалап алғымыз келеді. Өйткені, біздің алдымызда жарқын болашаққа есірткісіз барамыз деген үлкен мақсат тұр.

Эссе байқауына 30 оқушы қатысты.Оқушылар өздеріне берілген уақыт ішінде шығарманы жауапкершілікпен жазып тапсырды.

Байқау қорытындысы:

  • І орын Көлбай Айару
  • ІІ орын Темірбек Мерей
  • ІІІ орын Қыдырбек Айзере

Байқау қорытындысы оқушылар арасында жарияланып, жеңімпаздар марапатталды.